Теннис жұлдыздары Аустралияда бас қосады
31 қаңтар күні Мельбурнде басталатын әйелдер арасындағы Gippsland Trophy турнирінің жеребесі өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық Зарина Дияс негізгі кезеңіінің бірінші айналымында әлемнің 51-ракеткасы Лаура Зигемундпен (Германия) кездеседі.
Симона Халеп (1), Наоми Осака (2), Элина Свитолина (3), Арина Соболенко (4), Иоханна Конта (5), Ига Швентек (6), Элиза Мертенс (7), Каролина Мухова (8), Екатерина Александрова (9) және Ван Цян (10) сынды мықтылар жарысты екінші айналымнан бастайды.
Турнирдің жүлде қоры 565 мың АҚШ долларын құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или