Зарина Дияс Gippsland Trophy - WTA 500 турнирінің негізгі кезеңінде ойнайды

Зарина Дияс Gippsland Trophy - WTA 500 турнирінің негізгі кезеңінде ойнайды

31 қаңтар күні Мельбурнде басталатын әйелдер арасындағы Gippsland Trophy турнирінің жеребесі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. <br /><br />Қазақстандық Зарина Дияс негізгі кезеңіінің бірінші айналымында әлемнің 51-ракеткасы Лаура Зигемундпен (Германия) кездеседі.

Симона Халеп (1), Наоми Осака (2), Элина Свитолина (3), Арина Соболенко (4), Иоханна Конта (5), Ига Швентек (6), Элиза Мертенс (7), Каролина Мухова (8), Екатерина Александрова (9) және Ван Цян (10) сынды мықтылар жарысты екінші айналымнан бастайды.

Турнирдің жүлде қоры 565 мың АҚШ долларын құрайтынын да айта кету ләзім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или