Айдос Ербосынұлы Артур Бетербиевтің челленджін қолдады (ВИДЕО)

Айдос Ербосынұлы Артур Бетербиевтің челленджін қолдады (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы Артур Бетербиевтің челленджін қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бетербиев Инстаграмдағы парақшасында білекке жаттығу жасауға арналған арнайы жаттығу жариялады. Ал мұның бәрін Ербосынұлы қайталап берді.

Еске сала кетейік, Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Ол ганалық боксшы Исса Самирді нокаутқа жіберіп, WBC Asia, WBA International және WBO Global орта салмақтағы титулдарын қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или