Недовесов Анталияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Недовесов Анталияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге Түркияда өтіп жатқан «Челленджер» сериясының жұптық сынында ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар америкалық Роберт Гэллоуэй /Алекс Лоусон жұбын жеңді.

1 сағат 1 минутқа жалғасқан кездесу 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Недовесов пен Молчанов жұбы келесі кезеңде Йозеф Ковалик/Мохамед Сафват жұбы мен Эмилио Гомес/Даниэль Элахи Галан арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или