Жәнібек Әлімханұлы әлемнің бұрынғы чемпионымен дайындалып жатыр
Кәсіпқой рингте ешкімге есе жібермеген, АҚШ-та келесі жекпе-жегіне дайындалып жатқан қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) аса ауыр салмақта әлем бұрынғы чемпионы болған Джеймс Тонимен суретін жариялады.
«Чемпион болу үшін чемпионнан үйрену қажет», - деп жазды Жәнібек өзінің твиттер-аккаунтында.
Еске салайық, 2020 жылы жалғыз кездесуінде Әлімханұлы 9 қазанда Лас-Вегаста (16-4, 6 КО) аргентиналық Гонсало Корианы екінші раундта нокаутқа жіберген болатын. 27 жастағы қазақстандықтың келесі жекпе-жегінің күні мен қарсыласының есімі әлі анықталған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или