Мэнни Пакьяо Райан Гарсиямен жекпе-жек өткізе ме
Америкалық боксшы Райан Гарсия (21-0 18) атақты Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
Гарсия жекпе-жекке арналған постердің суретін жариялап, оған былай деп жазды:
««Армандар орындалады. Мен Мэнни Пакьяомен шаршы алаңды бөлісу құрметіне ие болдым. Рингте де, ринг сыртында да оны құрметтеймін».
Айта кетейік, бұл жекпе-жек туралы өзге ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Гарсия соңғы жекпе-жегін 3 қаңтарда Далласта өткізді. Онда ол Люк Кэмпбеллді нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы WBC титулына қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или