Головкиннің Шереметаға қарсы жекпе-жек алдындағы допинг-сынағының нәтижесі белгілі болды
VADA өкілдері Геннадий Головкин мен Камил Шереметаны 19 желтоқсанда өткен жекпе-жек алдындағы допинг-сынақтан сәтті өткенімен құттықтады, деп жазады Prosports.kz
Естеріңізге сала кетейік, Флоридада өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин польшалық Камил Шереметаны техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл жекпе-жекте Головкиннің орта салмақтағы IBF және IBO чемпиондық белдіктері сарапқа салынған.
«Геннадий Головкин мен Камил Шереметаны 2020 жылы 18 желтоқсандағы іс-шарада VADA тексерулерінен сәтті өтуімен құттықтаймыз», - делінген ресми хабарламада.
Congratulations to @GGGBoxing #KamilSzeremeta for successfully completing @Vada_Testing through their December 18, 2020 event. @DAZNBoxing @MatchroomBoxing @WarriorsBoxProm #cleansport
— Vada-Testing.org (@Vada_Testing) January 20, 2021