Боксшы Дина Жоламан Ұлттар кубогының нәтижесі туралы айтты

Боксшы Дина Жоламан Ұлттар кубогының нәтижесі туралы айтты

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербияда өткен "Ұлттар кубогы" халықаралық турнирінен бес алтынмен оралды. 54 келіде топ жарған Дина Жоламан турнир туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

"Сербияда өткен халықаралқ доданы біздің дәстүрлі жарысымыз десек те болады. Себебі, жыл сайын біз жаңа маусымды осы турнирмен бастаймыз.  Биыл аталған турнирге 12 елден былғары қолғап шеберлері келді.

Айта кету керек, қатысушылар арасында осы уақытқа дейін әйелдер боксында атауын естімеген елдер де болды. Бұл әйелдер боксының Олимпиада ойындарына қосылғаннан салмағы артып, қызығушылық пен ауқымын кеңейткенін білдіреді. Сонымен қатар, дәл осы жарыста жасөспірімдер мен жас боксшылар да өте жақсы жұдырықтасты. барлығын өте жоғары дәрежеде дайындалып келген деп айтуға әбден болады.

Жалпы, турнир өте жақсы өтті. Дәл осындай атмосфераны сағынып қалған болатынбыз. Рингті сезініп, бір серпіліп алдық. Жарыс барысында мен Словакия, Ресей және Сербия құрамасының қыздарымен кездестім. Алғашқы қарсыластарым болған сербиялық және ресейлік боксшылар өте тәжірибелі болды. Олар осы уақытқа дейін жоғары салмақ дәрежесінде, атап айтқанда, 60 және 57 келіде жұдырықтасқан.

Жарыстағы нәтижеме көңілім толады. Тәжірибе алмасып, шеберліктерімізді шыңдап алдық.  Осы маусымдағы мақсат - Франциядағы әлем чемпионаты. Жыл барысындағы жаттығулардың барлығы осы маңызды додаға бағытталады", - дейді Дина Жоламан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или