Қанат Исламның жекпе-жегі кейінге шегерілді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) алдағы жекпе-жегі кейінге шегерілді, деп жазады Prosports.kz сайты.
BoxRec таратқан мәлімет бойынша, боксшы алдағы айқасын 20 ақпанда АҚШ-та өтуі қажет еді. Алайда белгісіз бір себептерге байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген. Әзірге уақыты белгісіз.
Айта кетсек Қанат Ислам былтыр 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді.
Алайда ол тұста Қанатқа қарсылас табылмаған. Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына жылдан асып кетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или