Елена Рыбакина Мельбурндегі оқшаулану туралы айтты
Әлемнің 19-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Мельбурндегі карантинге байланысты толық оқшаулану шарттары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.<br />
«Әрине, бұлай болып жатқаны өкінішті. Бөлме терезелері ашылмайды, Ұйымдастырушылар бірнеше тренажер алып келді, күн сайын жарыс супервайзерлерімен келіссөздер жүргіземіз, бірақ бәрі өте қатал. Күнде коронавирусқа қарсы ПТР тест тапсырамын, әзірге бәрі жақсы. Оқшауланған алғашқы күндер өте қиын еді, эмоцияға толы болды. Амал жоқ, шыдау керек. Біз ел тұрғындарының қауіпсіздігі бірінші орында екенін түсінеміз. Карантин біткесін ұйымдастырушылар еркін жүріп-тұруға уәде берді».
<br />Еске сала кетейік, Аустралия ашық біріншілігінде Қазақстанның алты теннисшісі бақ сынайды. Әйелдер арасында ел намысын Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс және Ярослава Шведова қорғайды. Ерлер арасында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин шығады.
Сонымен қатар, Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге жұпта өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или