Фристайлдан әлем кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасы үздік ондыққа енді
Ресейдің Ярославль қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде аралас командалық сайыс бойынша бәсекелер аяқталды.
Аталған санат бойынша Қазақстан жетінші болды. Аралас командалық бәсекеге Қазақстан сапынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмурзаева және Шерзод Хаширбаев қатысты. Қазақстан командасы 239.40 нәтижесімен жетінші орыннан көрінді.
Жарыс нәтижесі бойынша ресейлік құрама бірінші және екінші орынға ие болды. Швейцария командасы үздік үштікті қорытындылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или