Денис Евсеев Анталиядағы ITP турнирінің жұптық кезеңі финалында жеңіліс тапты
<span style="color: #000000; font-size: 16px; font-weight: 400; font-style: normal; text-decoration: none;">Қазақстандық Денис Евсеев Анталиядағы ITP турнирінің жұптық кезеңі финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтме жасап. </span>
<span style="color: #000000; font-size: 16px; font-weight: 400; font-style: normal; text-decoration: none;">Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. </span>
<span style="color: #000000; font-size: 16px; font-weight: 400; font-style: normal; text-decoration: none;">Денис Евсеев украиналық Владислав Орловпен бірге финалда аргентиналық теннисшілерге қарсы ойнады. Осы турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда аргентиналықтар Педро Качин мен Хуан Мануэль Черундоломен кездесті. Аргентиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен ұтып кетті. </span>
<span style="color: #000000; font-size: 16px; font-weight: 400; font-style: normal; text-decoration: none;">Жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайды.</span>