Фристайл-акробатикадан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылар іріктеуден өткен жоқ

Фристайл-акробатикадан әлем кубогы: Қазақстандық спортшылар іріктеуден өткен жоқ

<span>Ресейдің Ярославль қаласында өтіп жатқан фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өткен жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.  </span>

<span>Әйелдер арасындағы сында Қазақстан сапынан Ақмаржан Қалмұрзаева ең жоғары нәтиже көрсетті. Ол 14-ші орында. Жанбота Алдабергенова 15-ші, Аяна Жолдасова 22-ші, Маржан Ақжігіт 23-ші сатыда.  Әйелдер арасындағы сында Беларусь, Швейцария және Ресей спортшылары үздік нәтиже көрсеткен.</span>

<span>Қазақстан ерлер командасының мүшелері де іріктеуден аса алған жоқ. Ильдар Бадрудинов 18-ші, Шерзод Хаширбаев 20-шы, Роман Иванов 22-ші орында. </span>

<span> Ерлер арасындағы бәсекеде Ресей мен Ұлыбритания спортшылары алда келеді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или