Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-тағы жекпе-жегі өтпейді
Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов қатысатын АҚШ-тағы бокс кеші өтпейтін болды.
Golden Boy Promotions 30 қаңтарға жоспарланған бокс кешінің өтпейтінін хабарлады.
«Калифорния штатының Атлетика комиссиясы Сергей Ковалевтің VADA допинг-тестінде оң нәтиже көрсеткеніне байланысты бокс кешін өткізбеуді шешті», – делінген Golden Boy Promotions мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Илья Баландинді (4-3-1, 2 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или