Екі қазақстандық боксшы «Ұлттар кубогында» топ жарды
Әйелдер боксынан Сербияда өтіп жатқан "Ұлттар кубогында" Қазақстан командасы алғашқы екі алтынын еншіледі деп жазады Olympic.kz.
Атап айтар болсақ, 48 келідегі Арайлым Марат пен 54 келідегі Дина Жоламан турнир жеңімпаздары атанды.
Арайлым финалда словакиялық қарсыласын жеңсе, Дина шаршы алаң иесі сербиялық боксшыны ұтты.
Бұл қазақстандық спортшылардың ұзақ үзілістен кейін қатысып жатқан алғашқы халықаралық жарысы екенін айта кеткен жөн.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или