Головкин өз титулына үміткердің есімін білді
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы боксшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады.
Өткен жылдың желтоқсан айында Польша спортшысы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа жіберіп, титулын сәтті қорғап шыққан қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) аталған санаттағы әлем чемпионы.
Рейтингтің жаңартылған релизінде алғашқы екі орын бос. GGG-мен жұдырықтасқанша тізімде үшінші орында болған Шеремета оныншы орынға сырғыды, ал оның орнын Германия өкілі Патрик Войцицки (14-0-1, 5 КО) басқан. Головкиннің болуы мүмкін қарсыласы, мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) тізімде содан кейін тұр.
Атап өтейік, IBF әзірге Головкин мен Войницкидің жекпе-жегін ресми түрде белгілеген жоқ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или