«Ұлттар кубогы»: Тағы үш боксшымыз финалда бақ сынайды
Әйелдер боксынан Сербияда өтіп жатқан «Ұлттар кубогы» халықаралық турнирінде тағы үш қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды.
Жартылай финал кездесулерінің нәтижесі бойынша, 48 келідегі Арайлым Марат финалға өтті. Ол ресейлік қарсыласын жеңген.
Сондай-ақ, 54 келідегі он дүркін ел чемпионы Дина Жолдаман да ресейлік спортшыдан басым түсіп, финалда жұдырықтасу мүмкіндігін алды.
Ал еліміздің жаңа чемпионы Владислава Кухта финал жолдамасы үшін таласта чехиялық қарсыласын ұтты.
Айта кетелік, бұған дейін тағы үш спортшымыз «Ұлттар кубогының» финалдық сынына өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или