Ресейлік боксшы Сергей Ковалев допинг-тесттен өте алмады
Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев допинг-сынақтан өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz BoxingScene сайтына сілтеме жасап.
<span>Ресейл3к боксшының қанынан синтетикалық тестостерон табылды. Тиісті хабарламаны боксшы VADA ұйымынан алды. Осылайша, Ковалев пен Бектемир Меликузиевтің 30 қаңтарға жоспарланған жекпе-жек өтпеуі мүмкін.</span>
<span> Еске салайық, 37 жастағы Ковалев рингке соңғы рет 2019 жылдың қараша айында өткізіп, мексикалық Сауль Альварестен нокаутпен жеңіліп қалды. Осылайша, ол WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды. </span>
<span>Өзбекстандық Меликузиевпен жекпе-жек Мәскеуде өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ кейін бұл кездесу АҚШ-қа ауыстырылатыны туралы хабарланды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или