Кіші-Крис Юбэнк: Головкинмен жекпе-жек өткізбей, мансабымды аяқтағым келмейді

Кіші-Крис Юбэнк: Головкинмен жекпе-жек өткізбей, мансабымды аяқтағым келмейді

Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион кіші-Крис Юбэнк қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетіндігін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, Головкин британиялық боксшымен 2016 жылы кездесуі керек еді. Бірақ соңғы сәтте қос тарап жекпе-жек шарттары туралы келісе алмады. Нәтижесінде отандасымыз Юбэнктің орнына Келл Брукпен кездесті.

«Бірнеше жыл бойы Головкинмен кездесуге тырысып келемін. Оны жеңе алатынымды білемін. Бес жыл бұрын біздің жекпе-жек ұйымдастырылуға жақын болған, бірақ соңында ол менімен кездеспеді. Бұл жағдай мені ұзақ уақыт уайымға салды. Сол үшін онымен жекпе-жек өткізбей мансабымды аяқтағым келмейді. Оның үстіне, Головкинде орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бар», - деп келтіреді Юбэнктің сөзін Boxing Social.

Айта кетейік, британиялық боксшы жақында Team Sauerland промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған болатын.

Головкин британиялық боксшымен қашан кездеседі

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или