Қазақстан құрамасының мүшелері АҚШ-та кәсіпқой боксшылармен бірге дайындалып жатыр
Қазақстан құрамасының мүшелері АҚШ-тың Майами қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Марат Жәкиев бастаған ұлттық құраманың мүшелері кәсіпқой боксшылармен бірге дайындалып жатыр.
– Спортшылардың күн тәртібі өте тығыз. Боксшылардың физикалық дайындығына баса назар бөлінеді. Бұдан бөлек, кәсіпқой боксшылармен спарринг өтеді. Бұл біздің боксшылар үшін тәжірибе болмақ. Олар АҚШ-та қаңтар айының соңына дейін болады, – деп жазады «Лада» порталы.
АҚШ-қа аттанған боксшылар қатарында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит, Азия чемпионатының жүлдегері Зәкір Сафиуллин, әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов, әлем біріншіліктерінің жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев және аса ауыр салмақта ел чемпионатының жүлдегері Айболды Дәуренұлы бар.
Айта кетелік, бокстан Қазақстан ерлер командасы Токио Олимпиадасына мүмкін болған 8 жолдаманың барлығын да жеңіп алған.