Марат Жакиев: «Жігіттер артқан сенімді ақтады»

Марат Жакиев: «Жігіттер артқан сенімді ақтады»

WSB бүкіләлемдік бокс сериясының алғашқы матчында «Саciques Venezuela» құрамасын жеңгеннен кейін «Астана Арандарының» бас бапкері Марат Жакиев сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

-​ Маусым алдындағы алғашқы жекпе-жек болғаннан кейін жігіттерде де, бізде де аздап қобалжу болды. Өйткені, Венесуэла боксшылары туралы жарытып ешбір ақпарат ала алмадық. Оның себебі де бар. Венесуэлалықтар бұған дейін Бүкіләлемдік бокс сериясының жарысына қатысқан емес. Боксшылар да сырт елдерге көп шықпаған. Сондықтан белгісіз қарсыласыңа қарсы дайындалу сәл қиындау болды.

-​ Бүгінгі «бестік» туралы не айтасыз?

-​ Бес жігітке де көңілім толды. Маусымашар жекпе-жек болғаннан кейін аздаған кемшіліктер де бар. Бірақ, жігіттерім намысты қолдан берген жоқ. Венесуэлалық боксшылардың ауыр салмақтағы боксшыларына қарағанда, жеңіл салмақтағылар мығым екен. Раундтың соңына дейін шыдап шықты. Ал, ауыр салмақтағылар керісінше, әлсіздік танытып, соңына шыдай алмады.

-​ Алда енді поляк боксшыларымен өтетін жекпе-жек күтіп тұр...

-​ Ия, енді Польша боксшыларымен болатын жекпе-жекке дайындаламыз. Байқасаңыздар уақыт өте тығыз. Бүгінгі жекпе-жекке қатысқан боксшылары денсаулықтарын қалпына келтіру үшін аздаған күн Алатау шипажайына жібереміз. Ал, өзіміз поляктарға қарсы өтетін кездесуге дайындаламыз. Оларға қарсы шығатын боксшылардың есімін жарысқа үш күн қалғанда білетін боласыздар.

astanaarlans.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или