Берік Әдбірахманов: «Хуршид Тожибоевті жеңсем Олимпиадаға барамын»

Олимпиадаға жолдама тарататын APB Pro Boxing турнирінің финалына шыққан қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов «PROСПОРТ» тілшісіне кішігірім сұхбат берді.

Естеріңізге сала кетейік, 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қандасымыз аталмыш жарыстың жартылай финалында бразилиялық Робсон Консейсаоны жеңген.

«Ақтық сында өзбекстандық Хуршид Тожибаевпен кездесу күтіп тұр. Жеңіске жетсем Олмипиадаға жолдама аламын. Қазіргі таңда «Астана Арланс» клубымен Талғар маңындағы АИБА бокс орталығында жаттығып жүрмін. Бапкерлерім төзімділікті арттыруға бағытталған жаттығулар жасатып жатыр. Себебі финалдық жекпе-жек 8 раундтан тұрады.», - деді Әбдірахманов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или