2021 жылғы Формула-1 жаңа күнтізбесі таныстырылды

2021 жылғы Формула-1 жаңа күнтізбесі таныстырылды

Формула-1 баспасөз қызметі алдағы 2021 жылғы маусымға арналған жаңартылған күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусымдағы алғашқы жарыс Бахрейнде 28 наурызға жоспарланған. Бастапқыда чемпионат маусымы Австралияда 28 наурызда басталады деп жоспарланған болатын, бірақ Австралия үкіметі Формула-1 кезеңін қабылдаудан бас тартты. Талап бойынша жарысқа келген бірнеше мың адам 14 күндік карантиннен өтуі керек.

F1 келесі кезеңі 18 сәуірде Италиядағы Имола трассасында өтеді. 2 мамырда Қытай Гран-приі өтуі керек еді, бірақ ел үкіметі автоспорт бәйгесін қабылдаудан бас тартты. Қалған кезеңдер мамыр айынан тамыз айының соңына дейін күнтізбе бойынша өтеді.

3Маусымның соңғы жарысы 12 желтоқсанда Абу-Дабиде Яс Марина трассасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или