Бұрымды боксшыларымыз Сербиядағы турнирді сәтті бастады

Бұрымды боксшыларымыз Сербиядағы турнирді сәтті бастады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының боксшылары Сербияда өтіп жатқан Ұлттар кубогының Х халықаралық турниріне қатысуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құраманың өкілдері Дина Жоламан мен Арайлым Марат турнирді жеңіспен бастады. 48 келі салмақ дәрежесінде Арайлым Марат ринг иесі серб боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Дина Жоламан (54 келі) Словакия өкілін ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или