Australian Open. Алғашқы айналымдағы қазақстандықтардың қарсыласы

19 қаңтарда Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңі басталады. «PROСПОРТ» назарларыңызға қазақстандық теннисшілердің бірінші айналымдағы қарсыластарын ұсынады.

Үлкен дулығаның маусымдағы алғашқы турнирінің ерлер арасындағы жеке сайысында Андрей Голубев пен Михаил Кукушкин сынға түседі. Голубев әлемнің 72-ші ракеткасы финляндиялық Яркко Ниеминенмен күш сынасса, Кукушкин әлемдік рейтингінің 75-ші теннисшісі тунистік Малек Жазиримен кездеседі.

Әйелдер арасындағы жеке сайыста Зарина Диас польшалық Урсула Радваньскамен бақ таласады, ал Ярослава Шведованың қарсыласы – азулы теннисші, әлемнің 16-шы ракеткасы чехиялық Люси Шафаржова.

Ерлер арасындағы жұптық сайыста Кукушкин ресейлік Теймураз Габашвилимен бірге алғашқы айналымда пәкістандық Айсам-уль-Хак Куреши және серб Ненад Зимонич дуэтіне қарсы шығады. Ал Андрей Голубев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге аустралиялық жұп Танаси Коккинакис және Ник Киргиоспен күш сынасады.

Әйелдер жұбы сайысында Ярослава Шведова мен испан Анабель Мадина Гаррисгес дуэті АҚШ спортшылары Винус және Серена Уильямстермен кездеседі. Ал Зарина Диас ОАР теннисшісі Шанель Схеперспен жұп құрап, хорват Дария Юрак пен америкалық Меган Мултон-Леви дуэтімен екінші айналымның жолдамасын сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или