Қазақстандық боксшылар Сербиядағы халықаралық турнирді сәтті бастады
Бокстан әйелдер құрамасы Сербияда Х халықаралық «Ұлттар кубогі» додасына қатысып жатыр.
Қазақстандық боксшылар Дина Жоламан мен Арайлым Марат жарысты жеңіспен бастады. 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Арайлым Марат жергілікті боксшыны жеңіп, жартылай финалға шықты.
Ал 54 келіде Дина Жоламан словакиялық қарсыласын ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Айта кетерлігі, бүгін Владислава Кухта (57 кг), Жансая Балтабекова (64 кг) және Марина Вольнова (75 кг) шаршы алаңға шығады.
Боксшылар ширек финалда жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или