Эдди Хирн Головкинге жаңа қарсылас тапты

Эдди Хирн Головкинге жаңа қарсылас тапты

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO титулының иегері Деметриус Андраденің жекпе- жегін өткізуге ниетті.

«Головкин мен Джайме Мунгия - тамаша қарсыластар. Бірақ егер Билли Джо Саундерс Саул Альвареспен айқасқан жағдайда Андраде Головкинмен кездесуі керек деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, бұл орта салмақтағы жекпе-жек, әрине, қызықты болатындығы рас.

Ал Деметриус Андраде үнемі үлкен айқасты іздеп жүреді. Егер ол Головкинмен кездеспеген күнде, Лиам Уильямспен жекпе-жекке шығады. Айтпақшы, бұл айқастың да жанкүйерлер көңілінен шығатындығы сөзсіз», - деді Эдди Хирн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или