Алматыда халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды

Алматыда халықаралық «Вельц мемориалы» балалар турнирі басталды

<span>Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери Орталық Спорт Клубының (ЦСКА) теннис корттарында Халықаралық «Вельц Мемориалы» балалар турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.   </span>

<span>Қазақстандағы теннис спортының негізін қалаушы Августин Вельцтің атындағы турнир биыл 30-рет өткізіліп отыр.  </span>

<span> Бұл спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 12 жасқа дейінгі 100 астам дарынды теннисшілер қатысуда. </span>

<span>Айта кетелік, «Вельц Мемориалы» балалар турнирі Алматыда 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты ұйымдастырушы - Қазақстан теннис федерациясы бұл игі дәстүрді бұдан кейін де жалғастыра бермек. Турнир 17 қаңтарға дейін жалғасады. Жеңімпаздарға құрмет грамоталарымен қоса, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или