Басқа

Классикалық «Тетристен» әлемнің жеті дүркін чемпионы қайтыс болды

Классикалық «Тетристен» әлемнің жеті дүркін чемпионы қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Классикалық «Тетристен» әлемнің жеті дүркін чемпионы Джонас Ньюбауэр 39 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ньюбауэрдің туыстары Twitter-де оған арналған жазбаны жариялады, онда спортшының өліміне денсаулығындағы күтпеген проблемалар себеп болғаны хабарланды. Оқиғаның мән-жайы туралы ештеңе белгісіз.

Айта кетейік, Ньюбауэр 2010 жылдан бері жүйелі түрде өтіп келе жатқан классикалық тетристен әлем чемпионатында жеті рет жеңіске жеткен. Сонымен қатар, серияның бірнеше турнирінде спортшы гранд-финал кезеңіне жеткен.

Классикалық тетрис бойынша әлем чемпионаты NES консольдері мен CRT теледидарларында ойналады. Іс-шараның көп бөлігі АҚШ-та көптеген көрермемен өтеді, бірақ 2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты жарыс онлайн режимінде ұйымдастырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер