WSB. Бесінші маусым «Арландардың» жеңісінен басталды

WSB. Бесінші маусым «Арландардың» жеңісінен басталды

WSB бүкіләлемдік бокс сериясының 5-ші маусымындағы алғашқы матчында «Саciques Venezuela» құрамасын қабылдаған «Астана Арандары» 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Жекпе-жектер кеші Алматы төріндегі «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өткен.

Бірінші болып ринге шыққан Мардан Берікбаев Йоэль Финолды айқын ұтты.

55 келідегі Мейірболат Тоитов та аса бір қиындықсыз жеңді қарсыласын (49:47, 50:45,48:45).

Команда кипитаны Самат Башеновтың Луйс Арконға қарсы жекпе-жегі қиындау өтті. Бірінші кезеңде венесуэлалық спортшы басымдыққа ие болған. Дегенмен, кейінгі раундтарда отандасымыз жігерленіп төрешілердің шешімімен жеңіске жетті – 49:46, 49:46, 49:47.

75 келідегі Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласы Хуан Родригесті 4-ші раундта «құлатып» командасына алдын-ала жеңіс сыйлады.

Бесінші жекпе-жек те «арлан» Левиттің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп -  5:0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или