«Головкиннің командасымен келіссөз жүріп жатыр». Оскар Де Ла Хойя GGG - Мунгия жекпе-жегі жайлы

«Головкиннің командасымен келіссөз жүріп жатыр». Оскар Де Ла Хойя GGG - Мунгия жекпе-жегі жайлы

Алты салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Оскар Де Ла Хойя GGG - Мунгия жекпе-жегі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 - «Геннадий Головкин Хайме Мунгияға қарсы ма? Иә, Геннадийдің адамдарымен келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан мен бұл жекпе-жекті жақын арада жариялауым мүмкін. Бұл жекпе-жек көпшілікті қызықтырады деп ойлаймын. Ия, Мунгия көп соққы өткізеді, бұл құпия емес. Бірақ оның соққысы да жойқын екенін ұмытпаған жөн», - дейді Де Ла Хойя.

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде поляк Камил Шереметаны жеңіп, 21-рет өзінің титулын сәтті қорғады. Жекпе-жек өткен жылдың желтоқсанында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или