Биатлоннан әлем кубогы кезеңі. Ерлер арасында із кесу жарысы аяқталды
Германияның Оберхоф қаласында өтіп жатқан биатлоннан әлем кубогының бесінші кезеңінде ерлер арасындағы із кесу жарысы мәресіне жетті деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Бұл бәсекеде жеңіс тұғырынан тек норвегиялықтар көрінді. Алтын жүлдені Холм Легрейд иеленсе, күміс медаль Йоханнес Далеге бұйырды. Тарье Бё үздіктер үштігін түйіндеді.
Қазақстандық Александр Мухин жеңімпаздан 4 минут 32,4 секунд ұтылып, 47-ші сатыға тұрақтады. Ерлер 12,5 шақырымға жарысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или