Биатлоннан Қазақстан қыздар құрамасы әлем кубогында жарыс жолына шықты
Бүгін, 8 қаңтар, биатлоннан әлем кубогының бесінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Әлемдік жарыс әйелдер арасында спринт бойынша басталды. А санатбойынша Қазақстан сапынан үш спортшы жарыс жолына шықты, әйелдер арасында 7,5 км қашықтықта Людмила Ахатова, Елизавета Бельченко және Анастасия Кондратьева бағын сынайды. Қазақстандық спортшылардың реттік нөмері мен жарысқа қосылатын уақыты: 5– Ахатова Людмила / старт 16:32:30 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) 76 - Бельченко Елизавета / старт 17:08:00 (Нұр-Сұлтан уақыты) 85 - Кондратьева Анастасия / старт 17:12:30 (Нұр-Сұлтан уақыты).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или