Шведова/Рыбакина жұбы Абу-Дабидегі турнирдің екінші айналымына өте алмады

Шведова/Рыбакина жұбы Абу-Дабидегі турнирдің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз бірінші айналымда америкалық Хейли Картер мен бразилиялық Луиза Стефаниге есе жіберді. 

1 сағат 11 минутқа созылған кездесу 3:6, 3:6 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Шведова мен Рыбакина осы турнирдің жекелй жарысында өнер көрсетті. Шведова жарыстың екінші айналымына өте алмады, ал Рыбакина екінші айналымға жолдама алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или