Қазақстан биатлон құрамасының өкілі коронавирус жұқтырды
Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан кезекті әлем кубогы кезеңі басталады. Аталған сынға қатысатын Қазақстан командасында коронавирус жұқтырғандар табылды.
Бұл туралы халықаралық биатлоншылар одағы хабарлайды.
Тестілеу әлем кубогының бесінші кезеңінде өткізілген. Біздің командадан бөлек, Ресей, Чехия және Норвегия командаларында коронавирус жұқтырғандар тіркелді.
«IBU жүйелі түрде жарыс қатысушыларын SARS-CoV-2 ПТР тестінен өткізеді. Оберхофтағы (Германия) әлем кубогінде де тестілеу жүргізіліп, 4 адамнан оң нәтиже табылды.
Зардап шеккендер қатарында Қазақстан, Норвегия, Ресей және Чехия Республикасының өкілдері бар. Команда мүшелері тез арада жағдайдан хабардар болып, оқшауланды.
Оберхофтағы жергілікті денсаулық сақтау органдары SARS-CoV-2 ПТР тестінің оң нәтижесіне орай келесі шешімді қабылдады:
- Қазақстан командасының өкілі және онымен байланысқа түскен екі адам шұғыл оқшауланды. Спортшылар зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.
Olympic.kz ақпараты бойынша, Қазақстан командасының спортшылары SARS-CoV-2 ПТР тестін тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен.