Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің екінші айналымына шықты
Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA 500 Abu Dhabi WTA Women's Tennis Open турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда отандасымыз италиялық Лукреция Стефаниниді жеңді.
Тура 1 сағатқа созылған кездесу 6:1, 6:3 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, екінші айналымда Рыбакина голландиялық Аранчия Рус пен қытайлық Ван Сию арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или