Головкин алты жылдан бері алғаш рет The Ring журналының ТОР 10 рейтингіне кірмей қалды
Беделді The Ring бокс журналы салмақ дәрежелеріне тәуелсіз (pound-for-pound) үздік кәсіби боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір қызығы, рейтингтің «ескі тұрғыны», IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин алты жылда алғаш рет (300 аптадан астам) алғашқы ондыққа ене алмады. Оның орнын жапондық Казуто Иока иеленді, ол 31 желтоқсанда Токиода өзінің отандасы Косей Танакамен кездесіп, сегізінші турда техникалық нокаутпен жеңді, Соның арқасында WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын Токиода қорғап қалды.
Орта салмақтағы рейтингке келетін болсақ, Головкин американдық Джермал Чарло мен Деметриус Андрадеден озып бірінші орында тұр. Тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы The Ring бойынша орта дивизион рейтингінде 10-орында келеді.
Ring-тің P4P үздік 10 рейтингі:
1. Сауль Альварес (Мексика)
2. Наоя Иноуэ (Жапония)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Александр Усик (Украина)
5. Эррол Спенс (АҚШ)
6. Теофимо Лопес (АҚШ)
7. Ломаченко Василий (Украина)
8. Хуан Франциско Эстрада (Мексика)
9. Джош Тейлор (Ұлыбритания)
10. Казуто Иока (Жапония)