Шеремета: Жекпе-жектен соң бір жылап алдым
Польша боксшысы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектен соң жылағанын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты.
Айта кетейік, 18 желтоқсанда өткен жекпе-жекте Головкин қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.
«Өте жоғары деңгейдегі боксшымен кездестім. Бұл мүлдем басқа лига. Ол мені әр бұрышта соққынның астына алды. Ал сол қолы мен үшін нағыз проблемаға айналды. Не дегенмен бұл жекпе-жектен аларым көп.
Несін жасырайын, Головкинге қарсы жекпе-жектен соң бір жылап алдым. Өйткені Польшаға белбеуді қайткенде апарғым келген. Өкінішке қарай, қолымнан келмеді. GGG мен үшін алынбас қамал болды », — деді боксшы Ring Polskа басылымына берген сұқбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или