Үстел теннисінен Кирилл Герасименконың командасы кезекті рет жеңіліс тапты

Үстел теннисінен Кирилл Герасименконың командасы кезекті рет жеңіліс тапты

Үстел теннисінен Германия бундеслигасында үзілістен кейінгі жарыстар басталды. Ной-Ульм қаласында өткен додада қазақстандық Кирилл Герасименко ойнайтын «Werder» (Бремен) командасы «ТТС Neu-Ulm» құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Olympic.kz.

«ТТС Neu-Ulm» - турнир кестесінде төртінші орынға жайғасқан өте мықты команда. Оның сапында жеке санат бойынша Еуропа чемпионы Эммануэль Лебессон (Франция), командалық сайыс бойынша Еуропа чемпионы Тьягу Аполония (Португалия), жұптық санатта әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хао Шугай (Қытай) және де жасөспірімдер арасында екі дүркін Еуропа чемпионы Владимир Сидоренко (Ресей) бар.

Аталған кездесу «Werder» командасы үшін өте маңызды болды. Себебі, жеңіс Германия чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алуға мүмкіндікті сақтап қалатын еді. Тартысты кездесу 0:3 есебімен қарсылас команданың еншісіне шешіліп, «Werder» командасы жеңіліс тапты.

Эммануэль Лебессон («ТТС Neu-Ulm») - Марсело Агирре («Werder») 3:1; Владимир Сидоренко («ТТС Neu-Ulm») - Маттиас Фальк («Werder») 3:1; ТьягуАполония («ТТС Neu-Ulm») - Кирилл Герасименко («Werder») 3:1 Т

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или