Antalya Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Antalya Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Жылдың алғашқы ATP 250 турнирі Antalya Open (Түркия) жарысының жеребесі тартылды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 7 қаңтарда алғашқы матчта италиялық Сальваторе Карузомен кездеседі.

Турнирге қатысатын өзге қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев (жекелей сында/квалификацияда) және Александр Недовесов (украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сында) бар.

Сонымен қатар, жұптық сынның бірінші айналымында Александр Бублик/Андрей Голубев жұбы Давид Гоффен/Пьер-Юг Эрбер жұбымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или