Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павлов WBC тұжырымы бойынша «Жыл проспектісі» атағына ұсынылды

Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павлов WBC тұжырымы бойынша «Жыл проспектісі» атағына ұсынылды

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) қорытындысы бойынша екі қазақстандық боксшының болашағы жарқын деп танылды.

WBC жеңіл салмақта бақ сынап жүрген 22 жастағы Бек Нұрмағанбет (3-0, 2КО) пен 21 жастағы Евгений Павловты (3-0, 2КО) болашағынан зор үміт күттіретін боксшылар тізіміне қосты. Себастьян Фундора, Дэвид Пикассо, Элвис Родригес және кіші Габриэль Флорес олармен бұл атаққа таласады.

Еске салайық, 2020 жылы Нұрмағанбет пен Павлов кәсіби рингтегі үшінші жеңістеріне қол жеткізді. Екі боксшы да Suleimen Promotions компаниясының өкілі.

Жылдың үздік боксшысы атағына әртүрлі номинациялар бойынша үміткерлердің толық тізімімен Бүкіләлемдік бокс кеңесінің сайтында танысуға болады<span> </span>.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или