Головкин Мексиканың ұлттық мерекесі күні жекпе-жек өткізуі мүмкін
Golden Boy промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«<span>Головкин – Мунгия жекпе-жегі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл айқас бәріне қызық. Өтетін уақыты: Синко де Майо</span>», — деді Де ла Хойя.
Оның айтуынша, ұйым жекпе-жекті мамыр айында Мексиканың «Синко де майо» ұлттық мерекесіне орай өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Геннадий Головкин кейінгі жекпе-жегінде Польша боксшысы Камил Шереметаны жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или