Айдос Ербосынұлы WBA рейтингіндегі орнын сақтап қалды
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері өкілдері рейтингтерінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде Бейбіт Шүменов «кәдімгі» WBA әлем чемпионы атағын сақтап қалды. «Супер чемпион» атағы француз Арсен Гуламирянға тиесілі, ал рейтингтің алғашқы орнында бельгиялық Рияд Мерхи орналасқан.
Екінші орта салмақ дәрежесінде WBA International чемпионы Айдос Ербосынұлы екінші орында қалды. Бірінші орында кубалық Давид Моррелл болса, үшінші орында америкалық боксшы Дэвид Бенавидес. WBA Super чемпионы белбеуі мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или