«Токио Олимпиадасына дайындықты күшейтеміз». Ғалымбек Кенжебаев жаңа маусым туралы айтты

«Токио Олимпиадасына дайындықты күшейтеміз». Ғалымбек Кенжебаев жаңа маусым туралы айтты

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев жаңа жылдағы команданың басты міндеттерін атады деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Қазір спортшылар мерекелік демалысты үйлерінде өткізіп жатыр. Бірнеше күннен соң оқу-жаттығу жиыны басталады. Бір емес, бірнеше жиын өтеді. Сондықтан, алдағы уақытта боксшыларды бөлетін боламыз. Халықаралық жарыс күнтізбесіне қатысты да нақты ештеңе айта алмаймын. Әлемдік жарыстар өтеді, бірақ өзгерістер болуы мүмкін. Сол себепті әліптің артын баққан дұрыс деп ойлаймын. Кәсіби бокс кештерін өткізу де жоспарымызда бар. Бұл Қамшыбек Қоңқабаевтың дайындығына қажет. Жалпы, қазіргі басты мақсат - Токио Олимпиадасынң дайындықты күшейту. Небәрі жарты жыл уақыт қалды», - дейді бас бапкер. 

<br /><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или