Швейцарияда «Тур де Ски» шаңғы жарысы басталды

Швейцарияда «Тур де Ски» шаңғы жарысы басталды

Бүгін Швейцарияның Валь-Мюстаир аймағында шаңғымен жарысудан әйгілі «Тур де Ски» көпкүндігі басталады. Биыл турнир 1-10 қаңтар аралығында Швейцария мен Италияда өтеді деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

<span>«Тур де Ски» додасы осымен 15-ші рет ұйымдастырылмақ. Биылғы бәсекені өткізу қиынға соқты деуге болады. Өйткені, коронавирус індеті қазіргі әлем кубогы кезеңіне де үлкен қауіп төндірді.  Қауіпсіздікті сақтау үшін норвегиялық шаңғышылар бас тартты, сондай-ақ, екі дүркін Олимпиада чемпионы, финляндиялық Ийво Нискансен де турнирге қатыспайды. </span>

<span> Ұйымдастырушылар ақпан айында Германияда өтетін әлем чемпионатына дейін спортшыларды бабында ұстау үшін қиындықтарға қарамастан жарысты өткізуді қолға алды.  Алғашқы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер еркін әдіспен спринт жеңімпаздарын анықтайды.  </span>

ФОТО:  Karl-Josef Hildenbrand/dpa via AP<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или