«Барыс» қорғаушысы ҚХЛ аясындағы 200-кездесуін өткізді

«Барыс» қорғаушысы ҚХЛ аясындағы 200-кездесуін өткізді

«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Джесси Блэкер ҚХЛ аясындағы 200-кездесуін өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Хоккейші мерейтойлық кездесуін магнитогорскілік «Металлургқа» қарсы матчта өткізді. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Джесси «Барыс» сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оған дейін қорғаушы Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубында 49 матч өткізген. Қазақстандық ойыншы ҚХЛ-да осы уақытқа дейін 55 ұпай жинады (7 гол және 48 пас). 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или