Елордада шорт-тректен Қазақстан кубогы бәсекесі өтеді
<span>2021 жылдың 20-24 қаңтары аралығында шорт-тректен Қазақстан кубогы өтеді. Аталған турнир Нұр-Сұлтан қаласында, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. </span>
<span>"Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерімен келісілген соң, турнирге көрермендердің қатыспайтыны белгілі болды. Шорт-тректен Қазақстан кубогі карантин жағдайында, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптары сақтай отырып өткізіледі. Жарыс кезінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады", - делінген Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы таратқан хабарламада. </span>
<span>Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан командасы желтоқсанның аяғына дейін елордада оқу-жаттығу жиынын өткізді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или