Сағатбек Мұсаханов: Әлидің жекпе-жекке дайындаған тактикасы дұрыс болмады
Әли Ахмедовтың бірінші бапкері Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықтың эквадорлық Карлос Гонгорадан жеңілу себептері туралы айтты.
-Сағатбек Өкінбекұлы, Әли Гонгорамен шайқаста қандай қателіктер жіберді? -
Ахмедовтың дайындығы қате болды, тактикасы да дұрыс болмады. Әли неліктен жекпе-жек басынан төбелеске бас салғаны белгісіз. Менің ойымша, Әлиді осы жекпе-жекке дайындаған бапкер үлкен қателік жіберді.
- Карлос Гонгора шынымен де мықты қарсылас па?
- Мен оны соншалықты мықты деп айтпас едім. Дайындығы жақсы. Әлиге басында мүмкіндікберді, содан кейін кездесудің бірінші жартысынан кейін ол қарқын ала бастады. Гонгора әуесқой бокста үлкен тәжірибеге ие. Тек Ахмедовтың жаттықтырушылары қарсыласты жете бағаламады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или