Қазақстандық биатлоншылар 18-ші болып келді

Рупольдинг қаласында (Германия) өтіп жатқан биатлоннан Әлем кубогының бесінші кезеңіндегі 4×6 шақырымдық әйелдер эстафетасында қазақстандықтар мәреге 18-ші болып келді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Чехиялық спортшылар ең үздік нәтиже көрсетті – 1:23:57.7 (0+9). Екінші орынды Белорусь биатлоншылары иеленді – +1:13.3 (0+6). Ал үздік үштікті +1:39.3 (1+6) көрсеткішімен Германия құрамасы түйіндеді.

Жалпы есепте біздің спортшыларымыз 31 құрамадан 20-шы орынды қанаған етіп отыр.

Рупольдинг кезеңі ертең 7.5 шақырымдық спринттік жарыспен аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или