Геннадий Головкин Қазақстандағы жаңа туған балалардың өмірін сақтау жобасын қолдады

Геннадий Головкин Қазақстандағы жаңа туған балалардың өмірін сақтау жобасын қолдады

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жаңа туылған балалардың өмірін сақтауға бағытталған AYALA қайырымдылық қорының «Өмірмен тыныс ал» жобасын қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жобаның мақсаты - Қазақстандағы балалар ауруханалары мен перинаталдық орталықтарға заманауи реанимациялық жабдықтар сатып алуға қаражат жинау.

"Достар, бүгін біздің көңіл бақыт пен қуанышқа, мақтанышқа толып отыр!

Геннадий Головкин - даңқты спортшы, қазіргі заманның ұлы боксшысы және тамаша Адам - Қазақстанда сәбилер мен балалар өлімін азайтуға бағытталған біздің қор жұмысының басты мақсатына қолдау көрсетті!

Геннадий елімізде жүз мыңдыған бала өмірін сақтап қалуға көмектесетін "Өмір сыйлайық" жобасын қолдады!!!

"Биылғы жыл бүкіл әлемдегі қайырымдылық қорларын қоса алғанда, барлығымыз үшін айтарлықтай күрделі болды. Барлық елдер мен ұйымдардың күш-жігері коронавирус пандемиясына және оның салдарына қарсы күреске бағытталды. Қазақстанда 14 жыл бойы бала өлімі мен мүгедектіктігін азайту мақсатында жұмыс істеп келе жатқан қор ретінде біз мұны толық сезіндік.

Коронавирустың таралуымен күресу қажет. Бірақ балалар күн сайын шұғыл реанимациялық көмекке мұқтаж. Сондықтан біз "Қамқорлық күші" әлеуметтік науқанын бастадық.

Оның мақсаты - қазақстандықтардың ортақ күштерін Қазақстандағы балалар өмірін құтқаруға бағыттау.

Егер ауруханаларымыздың реанимацияларында ең заманауи құрал-жабдықтар - жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған инкубаторлар, СИПАП және ӨЖЖ аппараттары, неонаталдық мониторлар және басқа да ондаған медициналық аппараттар тұрса, оны жасауға болады.

Сондықтан біз жеке қатысуы арқылы біздің қамқорлық күшімізді, "Өмір сыйлайық" жобасын қолдағаны үшін Геннадий Головкинге алғысымызды білдіреміз!

Бұл көптеген отандастарымызды осы жобаға қаражат жинауға қатысуға шабыттандырады деп үміттенеміз", - деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или